Басты бетҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлері...

ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды

ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды

ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдан келгенше көмек көрсетіп жүр. Айталық, жақында Медорталықтың Ұлттық госпиталінің геронтологы Әсемгүл Байкенова «ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісудағы күндері» акциясына қатысып, Талдықорғанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Төлеубай Чектыбаевтың, сондай-ақ тыл еңбеккерлері Заманбек Сембинов пен Зоя Холинаның үйіне барды.

1943 жылы әскерге шақырылған Төлеубай Чектыбаев Беларусь майданында батылдық пен табандылық танытқан, Венгрияда Балатон көліндегі шайқастарға қатысқан. Кейінірек, 1945 жылы ол Қиыр Шығыс майданында 83-ші атқыштар дивизиясының құрамында жапон басқыншыларынан азат етуге атсалысты. Қайсарлығы үшін Төлеубай Чектыбаев I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.

Әсемгүл Байкенова дәрігер ардагер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып, денсаулығына кешенді тексеру жүргізді. Бейінді мамандар тағайындаған ем-домды талдап, өмір сүру сапасын жақсарту, жасына байланысты өзгерістерге бейімделу және созылмалы аурулардың асқынуларының алдын алу бойынша ұсыныстар берді.

Геронтолог Әсемгүл Байкенова Талдықорған қалалық емханасында да жергілікті пациенттерді қабылдады. Оның көмегіне жүгінгендердің арасында тыл еңбеккерлері де болды.

«Бүгін геронтологтың қабылдауына бардым. Қандай керемет дәрігер, қандай жан! Мені мұқият тыңдап, ем-дом тағайындады. Оған көп рахмет. Қанша ғұмырымыз қалғанын білмейміз, әйтеуір лайықты медициналық көмек алуды, көңіл бөлгенді қалаймыз ғой» деп Галина Михайленко тыл еңбеккері өз әсерімен бөлісті.

Айта кету керек, ҚР Президенті Іс басқармасының кәсіпорындары бар елдімекендерде тұратын ардагерлер тұрақты қамқорлыққа алынған. Мәселен, өткен қараша айында ҚР ПІБ қызметкерлері 16 соғыс ардагерінің үйіне барып, қал-жағдайын біліп, құрмет көрсетті. Оларға сый-сияпат жасап, майдандағы ерліктері үшін алғыс білдірді.