Басты бетНашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын

Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын

Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын Нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған алқалы жиын

Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті.

Орталық аппарат пен қарасты кәсіпорындар қызметкерлері қатысқан алқалы жиынды ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі  ұйымдастырғанын айта кетейік.

Іс-шарада сөз алған осы бөлімнің басшысы Ербол Адаев:

-Нашақорлық – адамзат денсаулығына қатер төндіріп тұрған өзекті проблеманың бірі. Елімізде нашақорлықпен кешенді түрде күрес жүргізіліп келеді. Іс басқармасы да осы мәселеге көңіл бөліп, ведомстволық қарасты ұйым қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырып отыр, - дей келіп, профилактикалық іс-шараға шақырылған мамандарды таныстырып өтті.

 Семинарда Астана қалалық Психикалық денсаулық орталығы наркологиялық қызметінің басшысы Гаухар Бектаева есірткілік заттардың түрі, құрамы, ағзаға келтіретін зияны, сақтану тәсілдері туралы баяндады. Одан балаларды қалай қорғау керектігіне тоқталды.

-Есірткілік заттар интернет-дүкендер арқылы тарала бастады. Әлем киберкеңістіктегі қылмыстық жаңа түрімен бетпе-бет келіп отыр. Есірткі нарығында жаңа психотроптық заттардың пайда болу қарқыны күшейіп барады,- деп атап өтті. Елімізде оған қарсы күрес қалай жүріп жатқанына шолу жасады.

Астана медицина университеті писхиатрия және наркология кафедрасының маманы, нарколог-дәрігер Тоқтар Қойшыбеков болса слэнегте «Спайс», «Тұз» деп аталатын есірткі түрі  кең тарала бастағанын, балаларды оның тұзағынан қалай қорғау керектігін түсіндірді.

Жиын соңында қатысушылар осы мәселеге қатысты өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.