Басты бетПрезиденттік орталықта Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін семинар өтті

Президенттік орталықта Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін семинар өтті

Президенттік орталықта Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін семинар өтті Президенттік орталықта Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін семинар өтті Президенттік орталықта Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін семинар өтті Президенттік орталықта Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін семинар өтті

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бастамасымен қарамағындағы ұйымдардың комплаенс-қызметтері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау саласындағы өзекті ақпаратпен алмасу мақсатында семинар ұйымдастырылды.  

ҚР Президенті Іс басқармасының заң бөлімінің меңгерушісі Серік Шапенов семинар қатысушыларына Іс басқармасы жүйесінде жүзеге асырылып жатқан комплаенс-бақылау іс-шаралары туралы ақпарат берді.  

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Уәлихан Құрамаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгерістер мен жоспарланып жатқан заңнамалық жаңашылдықтар туралы баяндады.  

Сонымен қатар, семинарда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның комплаенс-офицері Жанар Тезекова квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты әлемдік тәжірибені ескере отырып құру туралы баяндама жасады. Ал Парламентаризм институтының заң шығару процесіне цифрландыруды енгізу және корпоративтік дамуды ұйымдастыру орталығының басшысы Асқар Бектенов Президент Іс басқармасының қарамағындағы ұйымдардың комплаенс-қызметтерінің тиімділігі бойынша аналитикалық зерттеулер нәтижелерімен бөлісті.  

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен сарапшылар алдында комплаенс-бақылау саласындағы өзекті мәселелер көтерілді.  


Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында квазимемлекеттік секторды дамыту бойынша ұсыныстарды талқылауға, жаңашылдықтар туралы өзекті ақпарат алуға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды.