Басты бетҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды

ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды

ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Жетісудағы күндері басталды

Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Жетісу облысындағы күндері басталды. Іс-шара 6 желтоқсан, яғни осы аптаның соңына дейін жалғасады.

Екі жылдан бері өткізіліп жүрген өңірдегі күндер аясында озық технологияларды аймақтардағы медициналық нысандарда тәжірибеге енгізу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстардағы медициналық мекемелермен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту көзделген.

Делегация құрамына халықаралық JCI, ISO, GLP, GMP (аллерголог, травматолог-ортопед, реабилетолог, аритмолог, эндокринолог, генетик, гастроэнтеролог, реаниматолог, кардиохирург, нейрохирург, онкохирург және басқалар) стандарттарын иеленген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері еніп отыр.

Жоғары білікті мамандар Жетісу тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді (операциялар, консультациялар). Жергілікті мамандармен әдіснамалық жұмыс жүргізеді: Талдықорған қаласының емдеу мекемелері базасында дәріс, семинар және практикалық шеберлік сабақтары жоспарланған.

Дәрігер қабылдауына жазылу үшін медициналық мекемелердің тіркеу номерлеріне қоңырау шалу қажет.

Пациенттерді қабылдау кестесі:

2 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

● 10:30-14:00 – эндокринолог Адамбекова Айгүл Социалқызы;

 ●   13:00-16:00 – травматолог Қабдешев Асхат Қабдешұлы;

Облыстық перинаталдық орталықта:

● 14:00-18:00 - генетик-дәрігер Әбілдинова Гүлшара Жүсіпқызы;

Облыстық кардиологиялық орталықта:

● 16:00-18:00 – аритмолог Абдрахманов Аян Сүлейменұлы қабылдайды.

3 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

● 10:30-14:00 – эндокринолог Адамбекова Айгүл Социалқызы;

● 10:30-16:00 – гастроэнтеролог Исақова Гаухар Бахтанқызы;

●11:30-15:00 – пульмонолог Рахметова Бибінұр Хақымғалиқызы;

Облыстық кардиологиялық орталықта:

● 16:00-18:00 – аритмолог Абдрахманов Аян Сүлейменұлы қабылдайды.

5 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

13:00-16:00 – ангиохирург Жуловчинов Максим Маратович.

В Талдыкорганской городской поликлинике:

● 09:00-15:00 – геронтолог Байкенова Әсемгүл Саятқызы;

● 10:30-16:00 – невролог Мырзахметов Махмут Мұратұлы қабылдайды.

6 желтоқсан

Талдықорған қалалық емханасында:

●   09:00-15:00 – геронтолог Байкенова Әсемгүл Саятқызы;

● 10:00-16:00 – аллерголог Түсіпбекова Ғалия Марксқызы;.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында:

● 11:00-18:00 – эпилептолог Кимадиев Дархан Байжанұлы қабылдайды.

Сондай-ақ, іссапар аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Жетісу облысы әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарланған.  

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты телефон алуға болады: +7 702 420 51 50