Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: Әр адам қамқорлыққа алынған» атты семинар өтті.
Орталық аппарат пен қарасты кәсіпорындар қызметкерлері қатысқан алқалы жиынды ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Семинар кіріспесінде сөз алған осы бөлімнің басшысы Ербол Адаев:
-Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі еліміздің азаматтарын қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Оның негізгі аспектілерін түсіндіру үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдерін арнайы шақырып отырмыз. Денсаулық – басты байлық, кез келген адам медициналық көмекке зәру болуы мүмкін. Сол себепті бүгінгі өзекті тақырып бойынша баршаға пайдалы ақпараттар айтылады деп сенемін,- деді.
Жиында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының департамент директоры Сабина Бектубаева, басқарма басшысының кеңесшісі Забира Оразалиева, қордың кері байланысты жетілдіру және ақпарат беру басқармасының басшысы Жаннұр Мұханғали және аға менеджері Наргүл Қалиева салаға қатысты негізгі мәселелер туралы дәріс оқыды.
Қор өкілдері МӘМС жүйесіндегі негізгі шарттар, жарна төлеу, активтерді басқару, кері байланыс барысы туралы баяндады. Амбулаториялық көмек, станионарлық көмек, жоғары технологиялық медкөмек, медициналық сауықтыру сынды негізгі үлгілеріне тоқталды. Консультациялық және диагностикалық көмек көрсету тәртібі де қамтылды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдар көп болды. Қор өкілдері өзекті тақырыпқа қатысты суалдарға жан-жақты жауап берді.