Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас консультанты, В-4 санаты.
Функционалдық міндеттері: басшылық тапсырмаларының, бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және уақтылы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Азаматтардың өтініштерінде, сауалдарында, пікірлерінде және хабарламаларында көтерілетін жүйелі проблемаларды қарау, талдау, мониторинг жүргізу жіне анықтау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Құжаттарды, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды есепке алу, құжаттарды тіркеу журналдарын жүргізу. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарды тіркеу және тарату. Құжат айналымының көлемі, атқарушылық тәртіптің жай-күйі туралы талдамалық жазбалар, мәжілістер мен отырыстарға материалдар дайындауды қамтамасыз ету, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, ақпараттарды, өзге де құжаттарды дайындау. Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарындағы іс қағаздары мен архив ісінің жай-күйін тексеруді жүзеге асыру.
Орташа лауазымдық жалақысы: 435859
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару; архив ісі, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-4 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
_________________________