Басты бетҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал е...

ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді

ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді ҚР Президенттік орталығының семинар-тренингтері жастардың азаматтық ұстанымын жетілдіруге ықпал етеді

Жыл басынан бері ҚР ПІБ Президенттік орталығының мамандары «Әділетті қоғам – Адал азамат» тақыры бойынша 52 семинар-тренингті өткізді.  Ауқымды іс-шара бүгін мәреге жетті. 

Қорытынды жиынға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастапқы курс студенттері қатысты.

Оқыту семинарларына барлығы 1437 адам қатысқанын айта кетейік. Олардың 667-сі университет студенттері болса, 770-і колледждер мен орта мектептердің білім алушылары.

Еліміздің барлық өңірлерінен келген жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған екі күндік семинар-тренингтер қазақ мемлекеттілігі мен Қазақстан Республикасының даму тарихын насихаттауға, жастардың бойындағы отаншылдық сезімін нығайта түсуге, азаматтық сананы жетілдіруге және жауапкершілікті күшейтуге бағытталды. Сонымен қатар, практикалық сабақтар қатысушылардың дербес және командамен тиімді жұмыс істеу машығын дамытуға ықпал етеді.

«Біздің дәріскерлеріміздің арқасында жастар көп нәрсе өз қолымызда екенін, елдегі жағдайға да әсер ете алатынымызды түсіндік. Мен алға қойған мақсатымды айқындап, өз еліме қызмет етуге деген ынтам арта түсті», - деді Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Нұрхия Көмекова.

Сол сиқты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Гаухар Қуанышбай: 

 «Әділетті қоғам – Адал азамат» онлайн семинар-тренингінің ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Екі күн ішінде танымымызды кеңейтетін ауқымды ақпарат алдық, әділеттілік тақырыбындағы пікіріміз қалыптасты. Осындай іс-шаралар жиі өтеді деп үміттенеміз, - деген пікір білдірді.