Басты бетСоғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты кәсіпорындар соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасап, құрмет көсетіп жүргені туралы kazpravda.kz пен «Огни Алатау» газеті хабарлады.

Ардагерлер азайып барады, көзі тірілерінің жасы біразға келіп қалды. Қараша айында ПІБ ведомстволық бағынысты ұйымдары өз қамқорлығына алынған 12 соғыс ардагерінің шаңырағына барды. Барлығына сый-сияпат жасап, майдандағы ерлігі үшін алғыс білдірді. Мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Кеше Ұлттық госпитальдің пациенті Виктор Карпович Изюмников жүзге толды. Ғасырмен құрдас ақсақал қан майданнан аман шыққан адам, әуе күштерінің ардагері, 17-ші гвардиялық әуе-десанттық бригадасының құрамында 25 рет ұшақтан секірген. Венгрия, Аустрия, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Жеңісті Влтава көпірінде, америкалық одақтастармен кездесу кезінде қарсы алды.

Соғыстан кейін әскер сапынан босатылған соң Оралдағы ауылшаруашылық техникумын бітірді (әрдайым агроном болуды армандайтынмын). Тимирязев атындағы Мәскеу академиясына оқуға түсіп, Сталиндік стипендияны иеленген 10 адамның бірі болды. Оралдағы техникумға оралып екі жыл оқытушы болып жұмыс істегеннен кейін, тың жерлерді игеру үшін әйелі мен кішкентай ұлын алып Қостанай облысының Бөрлі ауданына агроном болып барды. Арада жылдар өткен соң Виктор Карпович ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Іс Басқарушысы қызметінен зейнетке шықты.

Ұлттық госпиталь басшылығы мен қызметкерлері ардагерді жүз жылдық мерейтойымен құттықтап, өзі қалағандай аяққа массаж жасайтын құрылғы, жеміс-жидек, шәй ішетін тәтті-дәмділерді сыйға тартты. Сондай-ақ, Ұлттық госпиталь ұжымы келесі күні тағы үш соғыс ардагеріне барды.

Майдан көрген тағы төрт қарияны «Almaty Resort» қызметкерлері қуантты. Осы айда 100 жылдық мерейтойын Балықбай Ысқақ та атап өтті. 99 жастағы майдангерлер Иван Матвеевич Бегуновқа, Любовь Николаевна Горковскаяға және 98 жастағы Анатолий Назарович Поповқа құрмет көрсетілді.

«Almaty Resort» шипажайы директорының емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаева «ардагерлер ұжымның қамқорлығын, өздернің ерлігіне деген құрметін сезінуі үшін» мұндай кездесулер үнемі өткізіліп тұратынын атап өтті.

ҚР Президенті Іс басқармасының кәсіпорындары жұмыс істейтін елді мекендерде тұратын барлық майдангерлер қамқорлыққа алынған.