Басты бетПІБ Медорталығының ауруханасында Даун синдромын жүктілік кезінде дәлдікпен анықтайтын тест енгізілді

ПІБ Медорталығының ауруханасында Даун синдромын жүктілік кезінде дәлдікпен анықтайтын тест енгізілді

ПІБ Медорталығының ауруханасында Даун синдромын жүктілік кезінде дәлдікпен анықтайтын тест енгізілді

Қазақстанда алғаш рет ПІБ Медорталығының ауруханасы ананың қаны арқылы 10-шы аптадан бастап Даун синдромын анықтайтын жаңа тестті енгізді, деп хабарлайды Informburo.kz. Бұл инновациялық әдіс Эдвардс және Патау синдромдарын да дәл диагностикалауға мүмкіндік береді.

Аталмыш тест 10-шы аптада Даун синдромын 99% дәлдікпен анықтап, болашақ ананың қанының бір ғана үлгісі арқылы жүзеге асады. Бұл процедура толығымен қауіпсіз, инвазивті араласуды талап етпейді және ана мен баланың денсаулығына ешбір зиян келтірмейді.

Бұл тест өмірге келетін баланың денсаулығы туралы уақытылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ерте кезеңдегі дәл диагностика ата-аналар мен дәрігерлерге дайындалуға және шешім қабылдауға қажет уақыт береді. Бұл әдіс қиын жағдайларда ерекше маңызды, - деді  Гүлшара Әбілдинова.

Ол сондай-ақ, бұл тесттің енгізілуі елімізде нәрестелердің өмірін сақтап қалуға зор септігін тигізіп, перинаталдық диагностика саласын жаңа биіктерге көтеретінін атап өтті.