Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері «диабет табанына» шалдыққан 300-ден астам науқастың аяғын амп...

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері «диабет табанына» шалдыққан 300-ден астам науқастың аяғын ампутациядан аман алып қалды

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері «диабет табанына» шалдыққан 300-ден астам науқастың аяғын ампутациядан аман алып қалды

- «Диабеттік табан» синдромы дегеніміз қандай дерт? Ол елімізде қаншалықты жиі кездеседі? ҚР ПІБ МО ауруханасы Қантамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Абылай Сейітқалиев BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында қатерлі ауруға қарсы күрес туралы жан-жақты баяндап берді.

Қантамыр хирургиясы бөлімінің жанынан ашылған Диабеттік табан орталығы былтыр қаңтар айынан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда стационарлық бөлім және заманауи ангиографиялы операциялық бөлме бар. Сонымен қатар пациенттерге амбулаториялық-консультациялық қызмет көрсетіледі.

- «Диабеттік табан» дегеніміз - қант диабетіне шалдыққан науқастардың дерті асқынған кезде пайда болатын симптомдар кешені. Өте қауіпті ауру. Дер кезінде емделмесе аяқты кесіп тастап, мүгедек болып қалу қаупі жоғары.

Мұндай сырқатқа шалдыққан науқастар біздің көмегімізге жиі жүгінеді. Былтыр «диабеттік табан» синдромы бар 150 пациентті емдеп шықтық, - дейді білікті маман.

«Диабет табанының» алдын алу, оларға жасалатын хирургиялық емнің ерекшелігі және басқасы туралы айтылған сұхбатты мына сілтеме арқылы толық оқуға болады.