Басты бетТұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу туралы заң жобасы Парламентаризм институтының сараптамалық қолд...

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу туралы заң жобасы Парламентаризм институтының сараптамалық қолдауымен жасалды

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу туралы заң жобасы Парламентаризм институтының сараптамалық қолдауымен жасалды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу туралы заң жобасының бастамашысы Айтуар Қошмамбетов  Biz.kz жаңа құжат туралы  баяндап берді.

Тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу мәселелері біздің еліміздегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Оның қоршаған ортаға залалы, көлемінің көптігі шұғыл шара қабылдауды, осы жолда тың тәсілдерді қажет етеді. Мәжіліс депутаты айтқандай, қайта өңделген қалдықтардың үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға, ал 2050 жылға қарай 60%-ға дейін ұлғайту –«жасыл экономиканың» жоспарлы индикаторларының бірі.

Айтуар Қошмамбетов заң жобасын әзірлеуге ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының сарапшылары маңызды үлес қосқанын. Сарапшылар халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеп, өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігіне қатысты терең талдау жасаған. Парламентаризм институтының ұсыныстары бәсекелестік орта құру және қалдықтарды басқару жүйесіндегі монополияны жою жолында негізгі рөл атқарған болды.

Сарапшылардың ұсынысы қалдықты қайта өңдеуді қолдауға бағытталған ынтаандыру шараларын әзірлеуге ықпал етті.

Қоқысты қайта кәдеге жарату ісіне халықты ынталандыруға, түрде қарауға ынталандыратын жаңа заң жобасындағы өзгерістер туралы, сонымен қатар Үкіметке салалық бизнесті қолдау үшін ұсынылатын шаралар жайында мына сілтеме арқылы кеңірек оқуға болады.