Басты бетПрезидент орталығында "Таза Қазақстан" акциясының әсері талқылады

Президент орталығында "Таза Қазақстан" акциясының әсері талқылады

Президент орталығында "Таза Қазақстан" акциясының әсері талқылады Президент орталығында "Таза Қазақстан" акциясының әсері талқылады

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингіне қатысушылардың «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрағасы Динара Садуақасовамен кездесуі өтті. Бұл туралы turkystan.kz порталы хабарлады. 


Экологиялық патриотизм идеясын белсенді насихаттауға арналған жиынға елордадағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.


Шара барысында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың экологиялық проблемаларды шешудегі қызметі, осы саладағы жүзеге асырылып жатқан жобалардың мазмұны мен бағыттары, 2026 жылы елімізде БҰҰ қамқорлығымен өтетін аймақтық климаттық саммитке дайындық барысы талқыланды.


«Қазіргі таңда Қазақстанда экологияны жақсарту, қоғамдық сананы «экологияландыру» және барлық жерде экологиялық жаңғыртуды жүзеге асыру үшін жағымды жағдайлар жасалуда. Сондықтан да оқушылар мен жастарды экологиялық сауаттандыру өзекті мәселе болып табылады.  

«Біз Қазақстанда 5% экосаналы адамдардың қауымдастығын құруға атсалысуымыз керек. Бұл қоғамдағы қайтымсыз өзгерістерді бастайтын сыни көзқарастағы қауым», – деп атап Динара Сәдуақасова.