Бүгін ҚР ПІБ Президенттік орталықғының қызметкерлері Ұлттық валюта күніне арналған тақырыптық экскурсиялар өткізді.
Мазмұнды іс-шараға елорданың колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қаланың Алматы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері келді.
Жұртшылық назарына Қазақстандағы ақша айналымының тарихынан, ұлттық егемендігіміздің маңызды символы саналатын теңгенің дамуынан сыр шертетін жәдігерлер ұсынылды.
Жастар да, аға буын өкілдері де теңге банкноттарының алғашқы серияларын шынайы қызығушылықпен тамашалады. Ұлттық валютамыздың қалыптасуы, еліміздің қаржы жүйесінің дамуы турасында музей мамандарының әңгімесін тыңдады.