Бұрындары инсульт егде жастағы адамдарда жиі кездессе, кейінгі деректерде жастар да жиі шалдығатыны байқалады. ДДСҰ сараптамасы бойынша 10 инсульт оқиғасының 8-інде оның алдын алуға болады. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі ҚР ПІБ МО ауруханасы №3 терапиялық бөлімшесінің невролог дәрігері Жанар Оспановамен инсультке осы тақырыпта әңгіме қозғады.
– Жалпы инсульт дегеніміз – ми қанайналымының бұзылуы, яғни ми қантамырларының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы салдарынан болатын күрделі ауру. Инсульт геморрагиялық және ишемиялық болып бөлінеді. Біріншісі миға қан құйылу себебінен пайда болса, екіншісі ми тінінің зақымдануынан туындайды, - дейді дәрігер.
Инсульттің нендей белгілері бар? Сақтану жолдары қандай? Осы тақырыптағы ауқымды сұхбатпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.