Басты бетКәсіби мерекеге орай, қаржыгер саласының қызметкерлері марапатталды

Кәсіби мерекеге орай, қаржыгер саласының қызметкерлері марапатталды

Кәсіби мерекеге орай, қаржыгер саласының қызметкерлері марапатталды Кәсіби мерекеге орай, қаржыгер саласының қызметкерлері марапатталды Кәсіби мерекеге орай, қаржыгер саласының қызметкерлері марапатталды Кәсіби мерекеге орай, қаржыгер саласының қызметкерлері марапатталды

ҚР Президентінің Іс басқармасында Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қаржы-экономика, бухгалтерлік есеп және есептілік, ішкі аудит бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Басқосуда ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев сөз алып, жиылғандарды мерекемен құттықтады.

– Ұлттық валюта – мемлекеттің тәуелсіздігінің нышаны. Қаржы жүйесін экономиканың қантамыры деп санайтыны тегін емес. Қаржыгерлер өте маңызды жұмыс атқарады. Ол жоғары кәсіби біліктілікпен қатар төзімділікті талап етеді, - деген С.Кенжебаев баршаға игілік пен табыс тіледі.

Кәсіби мереке күні қызметкерлер ведомстволық марапаттарға ие болды. Қаржы-экономика бөлімінің бас консультанты Гүлбаршын Қарамулина ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының ішкі аудит қызметінің басшысы Сәдуақас Қойлановқа ҚР Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі тапсырылды.

Жиынға қатысушылар мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, марапатталған әріптестеріне жылы лебіздерін жеткізді.