Басты бетПарламентаризм институты «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеуге атсалысты

Парламентаризм институты «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеуге атсалысты

Қазіргі таңда «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын Парламентаризм институты Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп, ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, әзірлеп жатыр. Бұл туралы qrnews.kz. сайты хабарлады. 

Аталған құжат бойынша, детективтік агенттіктер немесе детективтер тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша іскерлік келіссөз  үшін ақпарат жинау, несиеге қабілетсіз немесе сенімсіз іскерлік серіктестерді анықтау, жоғалып кеткен, іздеу жарияланған адамдарды іздестіру, жоғалған мүлікті іздеу сияқты қызмет түрлерін көрсете алады.

Заң жобасын әзірлеушілер жеке детективтік қызметті лицензиялауды енгізуді, сөйтіп жеке детективтер үшін шекті жас мөлшері, жоғары заңнамалық білімі, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас қызмет салаларында жұмыс өтілі болуы, соттылықтың және қылмыстық қудалаудың болмауы сынды талаптарды енгізуді ұсынып отыр. Сонымен қатар, лицензия алуға үміткер мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуі, нейропсихиатриялық және наркологиялық есептерде тұруы керек.

Түрлі мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда елімізде жиырмадан астам детективтік агенттіктер тиісінше қызмет көрсетеді. Өкінішке қарай, жеке іздеу саласында қанша адам мен компания жұмыс істейтіні белгісіз. Осыған дейін Қазақстанда заңнамалық акті деңгейінде детективтік қызметті құқықтық реттеу болған емес.