Басты бетСЭСО санитар дәрігерлері компьютермен сақтанып жұмыс істеу тәртібін түсіндірді

СЭСО санитар дәрігерлері компьютермен сақтанып жұмыс істеу тәртібін түсіндірді

СЭСО санитар дәрігерлері компьютермен сақтанып жұмыс істеу тәртібін түсіндірді СЭСО санитар дәрігерлері компьютермен сақтанып жұмыс істеу тәртібін түсіндірді

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының (СЭСО) радиология және аспаптық өлшеулер зертханасының санитариялық дәрігері Гүлнар Шабданова электронды құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндірді. Kaznovosti.kz  порталында жарық көрген материалда жыл сайын жұмыс орындарында электромагниттік сәулеленуді өлшеу қажеттігін ескертті. 

«Бірінші қадам – жұмыс орнын реттеу. Жалпы электромагниттік өрісті азайту үшін компьютерлерді бір-бірінен тиісті қашықт орналастыру маңызды. Сондай-ақ, компьютерлік жабдықтың жерге тұйықталуын қамтамасыз ету қажет, бұл электр өрісінің кернеуін айтарлықтай төмендетеді. Әрине, жұмыс соңында компьютерді өшіру керек. Өйткені ол «күту режимінде» тұрған кезде сәуле шыға береді»,-деп кеңес берді ҚР ПІБ МО Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының радиология және аспаптық өлшеу зертханасының санитарлық дәрігері Гүлнар Шабданова.


Маман СЭСО зертханаларында электромагниттік сәулелену деңгейін дәл өлшеуге және оның әсерін азайту жолдарын ұсынуға қажет барлық сертификатталған құрылғылар мен жабдықтар бар екенін атап өтті.


Мұндай тексерісті жылына кемінде бір рет жүргізу ұсынылады. Сәуле бөлу деңгейі тиісті деңгейден асып кетсе оны дереу анықтап,  төмендету шаралар қабылдаған жөн. 

Бүгінгі таңда кеңсе қызметкерлерінің 80% - дан астамы компьютер алдында күніне 6-8 сағатқа дейін отырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, экрандармен және электронды құрылғылармен осындай қарқынды байланыс денсаулықтың нашарлауына соқтыруы мүмкін деп хабарлады портал.