ҚР Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің мамандары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің басшылығымен бірлесіп ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлеріне арналған практикалық семинар өткізді.
Іс-шарада 2025 жылы 1 қаңтарда күшіне енетін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын қолданудың қыр-сыры, сондай-ақ аудит органдары тексерген кезде анықталатын типтік бұзушылықтарды талдау, оқыту семинарына қатысушыларға негізгі инновациялар мен оны тиімді қолдану жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ, әлеуетті жеткізушілердің шағымдарын, бір көзден сатып алуды және алдағы жаңашылдықтарды бақылау әдістемесі бойынша түсініктеме берілді.
Іс басқармасы жүйесі кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алушылары өткен семинардың тиімділігін атап өтті. Олар ұйымдастырушылардан осындай кездесулерді жиі өткізіп тұруды сұрады.