Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» шипажайына ресейлік 1777.ru жаңалықтар порталы қысқы демалыс үшін тамаша жер деген баға берді.
Сайттың хабарлауынша, шипажай желтоқсан айында демалатындарға 20% жеңілдік беріп отыр.
Шипалы су көздерінің алуан түріне қарап, Кавказ минералды суларын Еуропадағы Карловы Вары курортына теңейтінін айта кетейік. Минералды шипа су мен емдік балшық — «Қазақстан» санаторийіндегі сауықтыру бағдарламаларының міндетті бөлігі. Сонымен қатар — массаж, емдік ванналар, ингаляциялар, спелеотерапия сеанстары иммунитетті нығайтуға, күш-қуатты арттыруға, түрлі дерттің алдын алуға көмектеседі.
Қыс – табиғаты әсем, климаты жанға жайлы Кавказ минералды суларында демалуға ең жақсы уақыты денсаулыққа пайдасы зор. Өткен ғасырда патша дворяндары осында тыныққан.
Кавказ минералды суларындағы сауықтыру шараларынан бөлек, тарихы бай көрікті қалаларға экскурсия жасауға да болады.
Ғажап табиғатты тамашалау үшін шипажайдан Эльбрус, Домбай, Архыз және басқа да туристік орындарға экскурсиялық сапарлар қарастырылған.
«Қазақстан» шипажайындағы бассейн – ерекше рахатқа бөлейді» деп атап өтті портал. Панорамалық терезелері бар жеке дизайн жобасы бойынша қазақ киіз үй стиліндегі бірегей дөңгелек ғимарат жүзу кезінде саябақты тамашалауға мүмкіндік береді.
Тағы бір артықшылығы - аптасына бір рет елордадан тікелей Кавказ минералды суларына апаратын ұшақ ұшады.