ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Абай облысындағы күндері бүгін мәреге жетті.
28-31 қазан аралығында Медициналық орталық клиникаларының жетекші дәрігерлері өңірдегі ауруханаларда күрделі операция жасады, науқастарды қабылдады, жергілікті әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізіп, олармен өзара тәжірибе алмасты.
Нақтырақ тоқталсақ, дәрігерлер 279 адамға консультациялық көмек көрсетті. 17 күрделі операция жасады, оның 13-і бірегей операция болғанын айта кеткен жөн. Жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру үшін тәжірибе алмасу аясындағы дәрістерге 636 адам қатысты. 15 семинарға 652 тыңдаушы қатысты.
Абай облысы – ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өткен 13-ші аймақ. Мұндай сапарлар өңірлерде жаңа технологияларды енгізуге және ішкі медициналық туризмді дамытуға ықпал етеді.
Жыл басынан бері осы іс-шара аясында Медорталық мамандары өңірлерді аралап, хирургтар 237 - ден астам операция жасады, жоғары білікті дәрігерлер 1926 адамға консультациялық көмек көрсетті. 277 дәріс пен әріптестеріне шеберлік сабақтары өтті.