Басты бет«Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме аш...

«Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды

«Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» - Президенттік орталықта халықаралық көрме ашылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Патна қаласындағы (Үндістан) Бихар музейінің коллекциялары жұрт назарына ұсынылды. «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» халықаралық көрмесі Президенттік орталық пен Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің Свами Вивекананда «Мәдениет» орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Мәдениет арқылы диалог» халықаралық жобасы аясында өтіп жатыр. 

ҚР Президенттік орталығындағы көрмеде ежелгі дәуірден бастап заманауи сәулет композицияларына дейінгі монументал туындыларды, экспрессивті портреттер, мүсін және деректі фотосуреттерді тамашалауға болады. Көрме қараша айының соңына дейін  жалғасады.  

Бұл Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған екінші жоба.

- Бұл Үндістандағы ең ірі музейлердің бірі – Бихар музейінің коллекциясындағы өнер туындыларымен танысатын ерекше мүмкіндік. Кескіндеме, мүсін және фотосуреттерде адам мен табиғаттың өзара байланысынан сыр шертетін палитра көрініс тапқан. Көрме үнді халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті призмасы арқылы Шығыстың таңғажайып тылсым әлемімен жақын танысуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Президенттік орталық директоры Б. Темірболат. 

Көрменің ашылу салтанатына Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад қатысты. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Бихар музейі арасында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Бихар өнер және археология музейі Үндістандағы ең үлкен музейлердің бірі екенін атап өткен жөн. 40 мыңнан астам жәдігері бар музейде Бихар өлкесінің өнерімен, мәдениетімен және дәстүрімен танысуға болады.