«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 19-тармағының
7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Р.А. Баялиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іс басқарушы А. Нұрпейісов
Қосымша
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің мөлшері
№ |
Көрсетілетін қызметтердің атауы |
Өлшем бірлігі |
Ұзақтығы |
Қызметтер үшін тарифтер (АЕК) |
1 |
Қонақ үйлерді, туристік базаларды және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы орындарды (жер учаскелерін) орналастыру үшін ұсыну (ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарттар бойынша) |
|
|
|
1.1 |
0,2 га дейін |
1 га |
1 ай |
6,84 |
1.2 |
0,21 га бастап 0,5 га дейін |
1 га |
1 ай |
28,75 |
1.3 |
0,51 га бастап 1 га дейін |
1 га |
1 ай |
30,12 |
1.4 |
1,1 га бастап 5 га дейін |
1 га |
1 ай |
31,49 |
1.5 |
5,1 га бастап 10 га дейін |
1 га |
1 ай |
32,86 |
1.6 |
10,1 га бастап жоғары |
1 га |
1 ай |
34,22 |