Парламентаризм институты сарапшылары мен Парламент депутаттары бірлесіп, Үкімет қарауына «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын енгізіді. Бұл құжат ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану және құнарын арттыру жұмысын ретке келтіруге бағытталған. Бұл туралы, деп хабарлайды QRNews.kz ақпараттық порталы хабарлады.
Экологиялық проблемалардың көбейгеніне, жердің тозуына байланысты еліміз мәселені жүйелі түрде шешуді қолға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 29 наурызда VIII шақылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» бағдарламаларының маңызын атап өтіп, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, құнарлын арттыру қажеттігін атап өткен-ді.
Бұл салмақты мәселе. Қазақстан аумағының 75%-дан астамы түрлі деградацияға ұшыраған. Топырақтағы гумус мөлшері 0,5-1,5%-ға дейін төмен, ал оңтайлы деңгей 3,5-5% болуы керек. Құнарын қалпына келтіру үшін кем дегенде 50 жыл мұқият жұмыс істеу қажет.
Парламентаризм институтының сарапшылары заң жобасының тұжырымдамасын, ұсыныстарға құқықтық негіз әзірледі. Бейінді ұйымдармен және сарапшылармен арадағы жұмысты үйлестірумен айналысты. Ө.спанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты сияқты ғылыми мекемелердің, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен тұратын жұмыс топтарын құруға атсалысты.
Заң жобасында айтылған жүйелі ұзақ мерзімді тәсілде жерге тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ субсидиялауды тоқтату, жер салығын ұлғайту, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскесіне құқықтардан мәжбүрлеп айыру, ауыл шаруашылығы жерлерінің меншік иелері мен жалға алушыларының жауапкершілігін арттыру көзделген.