Басты бетҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды

ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды

ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды ҚР ПІБ Медорталығының Абай облысындағы күндері басталды

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Абай облысындағы күндері басталды. 

31 қазанға дейін созылатын іс-шараның мақсаты - практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологияларды енгізу, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибе алмасу және оқыту, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Делегация құрамына JCI, ISO, GLP, GMP (эпилептолог, аллерголог, травматолог, аритмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, нейрохирург және басқалар) халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медорталық ауруханаларының дәрігерлері кірді. Жоғары білікті мамандар тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді (операциялар, консультациялар). Сондай-ақ өңір мамандарымен әдіснамалық жұмыс жүргізеді – Семей қаласының емдеу мекемелері базасында дәрістер, семинарлар және практикалық шеберлік сыныптары жоспарланған.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

28 қазан
Семей қаласының №1 емханасында:
● 11:00-17:00 – Кимадиев Дархан Байжанұлы, дәрігер-эпилептолог;
● 14:00-17:00 –Бекболатова Ақерке Бекболатқызы, аллерголог-дәрігер.
 
29 қазан
Семей қаласының №1 емханасында:
●09:00-12: 00-Бердіходжаев Мыңжылқы Сайлауұлы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер;
● 10:30-13:00 – Абдрахманов Аян Сүлейменұлы, аритмолог-дәрігер;
● 14:00-17:00 – Саршаев Марат Аманғалиұлы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер.


30 қазан

Семей қаласының №1 емханасында:
● 11:00-17:00 – Бимбетов Бақытжан Рысқұлұлы, дәрігер-гастроэнтеролог;
● 12:00-15: 00-Баймұхаметов Асқар Тұрсынұлы, ортопед-травматолог;
● 14:00-17:00 –Байкенова Әсемгүл Саятқызы, геронтолог-дәрігер;
● 14:00-17:00 – Есенқұлова Сезім Мелісқызы, кардиолог-дәрігер.

Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Абай облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланған.


БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі бойынша алуға болады: + 7 778 921 44 44.