Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, 741632, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары,  В-2 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың жұмысын үйлестіру, белгіленген талаптарға сәйкестігіне ведомстволық қарасты ұйымдардың жартыжылдық және жылдық қаржы есептілігін тексеру мен талдау, басшылық бекіту үшін ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржы есептілігін дайындау, қаржы есептілікті жасау, ұйымдармен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу, өнім берушілер мен мердігерлер арасындағы дебиторлық пен кредиторлық берешек туралы есеп жасау.

 

Орташа лауазымдық жалақысы: 611 721

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес және басқару.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»  Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының кодексін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санат лауазымдарының функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті бiлімдер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-2 санаты үшін:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

9) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Өтініш);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесу өткізу орынымен мерзімдері: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.