Басты бет«Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті

«Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті

«Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті

Халықаралық Алма күніне орай, ҚР ПІБ Медорталығының «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті, деп хабарлады 24.kz. 

Мерекелік іс-шараға шипажай демалушылары, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері мен блогерлер, сондай-ақ өнер жұлдыздары қатысты. Фестивальді тамашалауға жиылған жұртшылыққа жергілікті аспаздар алмадан жасалған түрлі дәм ұсынды.

«Дастарханның ерекшелігі – барлық тағамдар алма жемісінен жасалды. Бәрі табиғи өнім, ешқандай қоспасыз әзірледік. Алманың бірнеше сұрпын қолдандық. Шырын да табиғи. 12 аспаздың қолынан шыққан дәм», – дейді аспаз Толқын Ражан.

Шаһардың символына айналған жемістен жасалған инсталляция да көздің жауын алып, көпшіліктің көңілінен шыққаны байқалды. Фестивальдің қадірлі қонағы ретінде шақырылған эстрада әншілері әннен шашу шашты. Әсем қаланың тарихын және оның алмамен байланысын баяндайтын тартымды да тағылымды әңгімелер айтылды. 

Іс-шараға келген БАҚ өкілдері мен блогерлер шипажайды аралап, мұндағы емдік процедуралармен танысты. Жергілікті дәрігерлермен әңгімелесіп, санаторий қызметі туралы ақпарат алды.  

Алма фестивалі осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі іс-шара қанат жайып, тақырып ауқымы да кеңейе түседі деп жоспарланған.