Jibek Joly телеарнасы көрермендеріне «100 Sarbaz» атты жаңа әскери- патриоттық реалити жоба ұсынбақ. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.
«100 Sarbaz» - қазақ телевизиясындағы әскер саласына арналған алғашқы ауқымды бірегей жоба. Бағдарлама жүргізушісі - белгілі кино және театр актері Берік Айтжанов.
Ток-шоудың атқарушы продюсері әрі қоюшы-режиссері Айгүл Ақсамбиева:
Жобаның мақсаты – жауынгерлердің адами портретін көрсету. Әскери қызметкерлердің ең жақсы қасиеттерін – батылдығын, жігері мен ержүректілігін паш ету. 100 Sarbaz - намыс жобасы. Оған әуе қорғанысы күштері, құрлық әскерлері, Ұлттық ұлан сияқты он команда қатысады. Медия нарығы үшін ерекше жоба. Ауқымды реалити жобаларға телеарналар көп бара бермейді,- дейді.
Жаңа жоба туралы мына сілтемеден толығырақ білуге болады.