Басты бетПарламентаризм институты БҚО депуттарына қоғамдық бақылауды күшейту тақырыбында тренинг өткізді

Парламентаризм институты БҚО депуттарына қоғамдық бақылауды күшейту тақырыбында тренинг өткізді

Парламентаризм институты БҚО депуттарына қоғамдық бақылауды күшейту тақырыбында тренинг өткізді Парламентаризм институты БҚО депуттарына қоғамдық бақылауды күшейту тақырыбында тренинг өткізді Парламентаризм институты БҚО депуттарына қоғамдық бақылауды күшейту тақырыбында тренинг өткізді

Батыс Қазақстан облысында жергілікті мәслихат депутаттарына арналған ауқымды оқыту тренингі өтті. Бұл шараны ҚР ПІБ жаныдағы Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі және ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі бірлесіп ұйымдастырды. 


Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мәслихаттармен өзара іс-қимыл бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанын айта кетейік. Оған Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының депутаттары қатысты. 


Тренинг барысында Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен заңнаманы жетілдіру бағытында жүйелі түрде жұмыс істеу халықтың өмір сапасын арттырудағы басты шарттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Мемлеет басшысының Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарға тоқталып, қоғамдық бақылауды күшейту, адам саудасымен күрес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданған шаралардың маңыздылығын айрықша атап өтті. 


Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Баталова, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілі Әсел Қаратаева және Сенат депутаты Арман Өтеғұлов сөз алып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әлеуетін арттыру үшін осындай тренингтердің жүйелі түрде өткізу керектігін жеткізді. 


Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Баталова мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету туралы баяндама жасап, жергілікті органдардың заңнамалық базаға негізделген жұмыс істеуінің маңызын түсіндірді. Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Қабылбаева депутаттардың Парламентпен тығыз байланысын күшейту қажеттігін, мәслихаттардың жергілікті мәселелерді шешудегі рөлін атап өтті. «Азаматтар ең алдымен мәслихат депутаттарына жүгінеді, және сіздер арқылы олардың билік органдарымен алғашқы байланысы жүзеге асады. Сенатпен бірлескен жұмыс заңдардың орындалуын қадағалауға және туындайтын проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік береді», – деді М.Қабылбаева.


Ол азаматтардың өтінішін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай жүйесін құру арқылы тұрғындардың қажеттіліктерін анықтауға және соған сай шара қабылдауға болатынын айтты. «Мұндай жүйе мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін арттырады және олардың мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.


Іс-шара соңында қатысушылар мұндай оқыту бағдарламаларын тұрақты түрде өткізіп тұрудың қажеттігін айтты. Депутаттардың біліктілігін арттырып, атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайту азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады деген пікір білдірді.