Басты бетҚазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Қазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Қазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті Қазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті Қазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті Қазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

ҚР ПІБ Президенттік Орталығы Парламентаризм институтымен бірлесе отырып, еліміздің МАГАТЭ-ге қосылуына 30 жыл толуына арналған «Бейбіт атом жолында: тенденциялар мен перспективалар» атты халықаралық конференциясын өткізді.

Іс-шара жаһандық антиядролық қозғалысты дамытудағы Қазақстанның бастамалардың тарихи маңызын, МАГАТЭ ынтымақтастығы аясындағы халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін, сондай-ақ бейбіт ядролық қаруды дамыту мәселелерін талқылау үшін өткізіліп отыр.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын басында сөз алған Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат дауыс беру қорытындысы бойынша референдумға халықтың 63,66%-ы қатысқанын, 71,12%ы АЭС салуды қолдап дауыс бергенін атап өтті.  Осылайша ел ішінде көп жылдар бойы қызу талқыға түскен мәселе ақыры шешімін тапты. АЭС қатысты оң шешім Қазақстанның бейбіт атомға жету жолындағы стратегиялық бағытының заңды нәтижесі болды. 

«Семей ядролық полигонын жабу және оның ядролық арсеналын жою арқылы Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет болды. Әлемдік антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі мәртебесін лайықты түрде иеленді. Президент Қ.К. Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мінберінен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім шарттың тез арада күшіне енуіне ұмтылысты  растады. Біздің еліміз атом энергетикасы мен ядролық отын өндіруді қамтитын бейбіт атом идеясын ілгерілетудің табанды жақтаушысы болып қала береді», - деді Б.Темірболат.

 Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік Бекжанов атом энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету, оның ішінде инновациялық технологияларды енгізу және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік белгілеген қауіпсіздік стандарттарын енгізу мәселелеріне тоқталды.

Б.Бекжановтың айтуынша, жаңа буын реакторларының конструкциялары тіпті төтенше жағдайларда да қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететіндей етіп жасалған.

Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық компанияның атқарушы директоры Мелисса Парк болса: «Біз ядролық қару азайып қана қоймай, толығымен жойылатын әлемге сенеміз. Біз ешбір ел, ешбір халық ядролық қарудың қасіретін бастан кешірмейтін әлемге сенеміз», деді.

Халықаралық конференцияға қатысушылар бейбіт атом жақын болашақта мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өсуінің негізгі факторларының біріне айналады деген пікір білдірді.