ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қоршаған орта, ауыз су, тамақ өнімдеріне, халық тұтынатын тауарларға сараптама жасайды.
Биыл 8 айда орталықтағы 6 зертханада 700 мыңнан астам зерттеу жасалды. Соның ішінде тағамдағы белгілі бір элементтердің, айталывқ гендік модификацияланған ағза құрамын бағалауға арналған зерттеулер де бар.
СЭСО молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Әлия Ибраева зертханада ГМА-ның қалай анықталатыны туралы Baq.kz тілшісіне түсіндірген еді. Материалмен сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.