Басты бетҚР ПІБ Парламентаризм институтының сарапшысы жол-көлік қозғалысы туралы жаңа заңның ерекшеліктері...

ҚР ПІБ Парламентаризм институтының сарапшысы жол-көлік қозғалысы туралы жаңа заңның ерекшеліктерін түсіндірді

ҚР ПІБ Парламентаризм институтының сарапшысы жол-көлік қозғалысы туралы жаңа заңның ерекшеліктерін түсіндірді

ҚР ПІБ Парламентаризм институты «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды әзірлеуге атсалысқан болатын. Институт сарапшысы Нұржан Сәулен жуырда қабылданған құжаттың ерекшеліктері туралы astana-akshamy.kz тілшісіне баяндап берді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру және интеллектуалдық жүйелерді енгізу арқылы жол қауіпсіздігін арттыру қажеттігін атап өтті. Осы реформалар аясында мопедтерді тіркеуден бастап, жылдамдықты бақылау жүйелерін енгізуге дейінгі нақты шаралар қарастырылып отыр», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, жаңа құжаттың басты жаңалықтарының бірі – мопедті мемлекеттік тіркеу. Мопед жүргізушілерінің қатысы бар жол-көлік оқиғаларының көбеюі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында осындай 962 жол апаты тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, 50 см3-ге дейінгі қозғалтқышы бар мопедтерді тіркеу міндеттеледі. Сонымен қатар, мопед жүргізушілері енді «А1» категориясындағы жүргізуші куәлігін алуы тиіс. Бұл талап олардың жол ережелерін сақтап, жауапкершілікті күшейтуге бағытталған дейді сарапшы.

Жаңа заңда қарастырылған талаптар туралы толығырақ мына сілтемеден оқуға болады: Сілтеме.