ҚР Президентінің Іс басқармасында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға атсалысқан қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, Президенттің Құрмет грамотасы тапсырылды.
Салтанатты іс-шараға орталық аппараттың және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.
Алқалы жиында сөз алған ҚР Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов:
-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтті, бұған ҚР ПІБ қызметкерлері өз үлестерін қосқаны қуантады, - деп атап өтті.
Сонымен, Іс басқармасының 6 қызметкері «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарына ие болды. 22 қызметкерге ҚР Президентінің Құрмет грамоталары тапсырылды.
Марапатталғандардың арасында электрик, техник, медицина қызметкері, қоғамдық тамақтандыру, байланысшы сынды түрді мамандық иелері бар.
-Бұл марапат мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Президенттің Іс басқармасы халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда өзінің кәсібилігін тағы да дәлелдегенін атап өткім келеді, - деп қуанышымен бөлісті «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС өндірістік-техникалық жұмыс бөлімінің бастығы Олег Виценко.