Басты бетҚР ПІБ Медорталық ауруханасында онкологияға шалдыққан науқасқа 3D технологиямен операция жасады

ҚР ПІБ Медорталық ауруханасында онкологияға шалдыққан науқасқа 3D технологиямен операция жасады

ҚР ПІБ Медорталық ауруханасында онкологияға шалдыққан науқасқа 3D технологиямен операция жасады

ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының уролог дәрігерлері онкологияға шалдыққан пациентке 3D технологиясымен лапароскопиялық операция жасады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

2 қазан – Халықаралық уролог күні екенін айта кетейік. Мақалада айтылғандай, кәсіби мереке қарсаңында Медорталық ауруханасының хирургия бөлімінің басшысы, білікті уролог Бахтияр Қасымов 3D технологияны пайдалана отырып бүйрекке лапароскопиялық операцияны сәтті жасады.

Мұндай тәсіл пациенттің сырқатын дәл анықтап, соған қарай ота жасауға мүмкіндік береді.

– Бүгін бала көтеруге қабілетті жастағы әйелге операция жасадық. Бұған дейін сүт безі дертіне байланысты онколог-дәрігер емдеген. Бізге өңірден келді. Онкологиялық дертке шалдыққан пациенттің бүйрегінде үлкен ісік болды. Бөлімшедегі әріптестерімізбен бірге зақымданған бүйректі лапароскопиялық жолмен алып тастадық. Мұның бәрін біз озық технология арқылы 3D сапада көре отырып, жасадық. Ешқандай қиындық туындаған жоқ, бәрі ойдағыдай өтті. Мұндай күрделі операциялар тұрақты түрде жасалады, - дейді Бахтияр Қасымов.