Бүгін ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарияларға көшпелі концерт пен көрме өткізді.
Халықаралық қарттар күніне орайластырылған мерекелік іс-шара аға буынға деген терең құрмет пен қолдау көрсетуге бағытталды.
Көрме орталығының ұйымдастырылған егемен еліміздің қалыптасуы мен даму тарихынан сыр шертетін жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ әлем халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары мен киімдері назарға ұсынылды.
Президенттік орталық ұжымы қарияларға концерт қойып, олардың жастық шағындағы ескі әндерді шырқады.
Мерекелік іс-шаралар аяқталды «Шапағат» орталығының аумағындағы сенбілікке ұласты. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында орталық қызметкерлері төңіректі абаттандыруға, сол арқылы жергілікті қарияларға қолайлы жағдай жасауға үлес қосты.