ҚР ПІБ Медорталығына қарасты Ұлттық госпитальдің Геронтология орталығы ұзақ өмір сүру туралы ғылымның дамуына елеулі үлес қосып келеді.
2015 жылы ашылған орталық геронтология және қартаюға қарсы медицина саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін еліміздегі жалғыз институт.
Бұл мекеме сондай-ақ өңірлік алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде ашылып жатқан белсенді әрі ұзақ өмір сүру мектептерімен белсенді жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Орталық қызметкерлері қарт адамдарға денсаулықты сақтайтын және нығайтатын қандай әдістерді үйретуге болатындығы туралы кеңес береді.
Геронтология орталығы қалай жұмыс істейді? Оның негізгі кейіпкерлері кімдер? Гронтология мен жақсы көңіл-күйдің арасында қандай байланыс бар? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Казахстанская правда» газетіндегі мақаладан толығырақ оқуға болады: Сілтеме