Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172)741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің экономикалық талдау секторының бас сарапшысы, В-5 санаты
Функционалдық міндеттері: лауазымдық өкілеттіктері шегінде өзіне жүктелген міндеттерді және басшылықтың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге, Президент Іс басқармасының орташа кезеңге арналған перспективалық жұмыс жоспарының орындалуына мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етуге, жетекшілік ететін ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларының, даму жоспарлары түзетулерінің және олардың орындалуы жөніндегі есептердің жобаларын қарау мен бекітуге (келісуге) дайындауға, жетекшілік ететін ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларына мониторинг жүргізуге және олардың іске асырылуын бағалауға қатысуға, жетекшілік ететін ведомстволық қарасты ұйымдардың есептік кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді, ведомстволық қарасты ұйымдардың есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген талдаудың қорытындылары туралы жиынтық ақпаратты дайындауды жүзеге асыруға, ай сайынғы жедел ақпараттың негізінде барлық ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күиіне мониторинг жүргізуге және жиынтық ақпаратты дайындауға, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша Президент Іс басқарушысы бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге және оларды Президент Іс басқармасының басшылығымен және бөлімдерімен келісуге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жетекшілік ететін ведомстволық қарасты ұйымдар бойынша даму жоспарларының орындалуы туралы есептерді және басқа да ақпаратты уақытында ұсынуды қамтамасыз етуге, экономикалық жай-күй мен қаржы-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ жетекшілік ететін ведомстволық қарасты ұйымдардың даму перспективалары жөніндегі мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асыруға, ведомстволық қарасты ұйымдар штат кестелерінің жобалары қарау және келісуге дайындауға, ведомстволық қарасты ұйымдар өндіретін тауарлардың (қызметтер, жұмыстар) бағалары мен тарифтерін қарауға және келісуге дайындауға, басшылықтың тапсырмаларын және мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды ұйымдастыруға және Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық қарасты ұйымдарға жіберілетін жауап жобасын дайындауды қамтамасыз етуге.
Орташа лауазымдық жалақысы: 323914
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-5 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару;
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Әңгімелесу өткізу орны мен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.