Басты бетҚариялар қамқорлық пен қошеметке лайық

Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық

Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық Қариялар қамқорлық пен қошеметке лайық

Қарттар күні қарсаңында ҚР ПІБ құрылымының ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметкерлері ұзақ жыл жемісті қызмет атқарған, қазіргі аңда зейнет жасына жеткен әріптестерінің, сондай-ақ соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып, құрмет көрсетті.

«Қазқұрылысжүйесі» ЖШС ұжымының өкілдері 101 жастағы ІІ Жаһандық соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке үлкен қуаныш сыйлады. Ғасырдан астам жасаған қарияға сый-сияпат жасап қана қоймай, шағын концерт қойды. Ардагер қуаныштан көзіне жас алып, домбыраның күмбірлеген үніне құлақ қойды. Әнші жігіт ақсақалдың өтініші бойынша жастық шағы туралы әндерді шырқады.

Рзағұл аға 1943 жылы майданға аттанған. Польша, Румыния және Венгрия жерін азат еткен, Ржев қаласының маңындағы шайқастарға, Великолук шабуыл операциясына қатысқан. Ардагер әлі де тың, жадын жоғалтпаған, күн сайын серуендегенді ұнатады.

ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жастағы Василий Антонович Сердюковтің үйіне арнайы барды. Ардагер үйіне қонақ келгенді жақсы көреді. Төл мереесіне орай, ұжым атынан кадр қызметінің қызметкерлері ардагерге сауда желілерінің сертификаты мен тәтті сыйлықтар табыстады.

«МТҚБ әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК кәсіпорнының ұжымы кезінде жемісті жемісті еңбек етіп, бүгінде құрметті еңбек демалысына шыққан 12 зейнеткерге, сондай-ақ өзге де тыл еңбеккерлеріне гүл және басқа да сый-сияпат жасады.  Қошемет көрсетілгендердің қатарында тыл ардагерлері – 1935 жылы туған Тұрсын Мағзұмқызы Меңдіқұлова мен 1937 жылы туған Хайдар Амантайұлы Меңдіқұлов бар. Олар бүлдіршін шағынан аналарымен бірге колхоз егістіктерінде жұмыс істеген, балалық шағын соғыс ұрлаған буын.

«МТҚБ Автошаруашылығы» РМК ұжымы зейнет жасындағы 30 еңбек ардагеріне дастархан жайды. Жас жүргізушілер аға буын өкілдеріне өз күшімен концерт қойып, кәдесый сыйлады. Архив фотосуреттері бар қабырға газетін көріп ардагерлер қауымы қатты әсерленді. Қабырға газетінде олардың бойында күші тасыған жас кездеріндегі, жұмыс мезеттеріндегі кадрлар көрініс тапқан-ды.

Дастархан басындағы жүрекке жылы әңгіме шертілді. Еңбек ардагерлері  Астанаға көшкен тұстағы Автошаруашылық құрылған кезең туралы баяндады, қиындықтарды еске алып, жұмыстағы қызықты оқиғалармен бөлісті. МТҚБ Автошаруашылығындағы осындай кездесулер дәстүрлі түрде өтіп тұратынын айта кеткен жөн. Ұрпақтар сабақтастығының жалғасуы бүкіл ұжым мүшелеріне қуаныш сыйлайды.

«МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК қызметкерлері өздерінің 8 еңбек ардагеріне арнап мәдени іс-шара ұйымдастырғанды жөн көріпті.  Барлығын «Астана опера» театрындағы "Бахшасарай фонтаны» балетіне шақырып, құшақтарын гүлге толтырды.

Ал «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің 10 зейнеткері ұжым өкілдерін әрқайсысы өз үйінде қарсы алды.  Мол дастархан жайып, жаңалықтарын баяндады.

«Мен 78-ге келдім. Зейнетке шыққалы жыл сайын әріптестерім келеді. Ұжымның көп жылдық еңбегімізді, үлесімізді бағалайтынын, құрметтейтінін сезіну керемет сезім. Мен үшін мұндай кездесулер – кәсіпорын жаңалықтарын білетін, өз жаңалықтарыммен бөлісетін мүмкіндік. Үлкен ұжымның мүшесі болғанымды сезіну,  сіздердің қамқорлықтарыңыз бен қошеметтеріңізді көру мен үшін үлкен қуаныш. Көп рахмет», - деген Сапиолла Жолдасбекұлы Мұсақанов қимай қоштасты.