Басты бетТұңғыш рет FCI эгидасымен қазақ тазыларының көрмесі өтті

Тұңғыш рет FCI эгидасымен қазақ тазыларының көрмесі өтті

Тұңғыш рет FCI эгидасымен қазақ тазыларының көрмесі өтті Тұңғыш рет FCI эгидасымен қазақ тазыларының көрмесі өтті Тұңғыш рет FCI эгидасымен қазақ тазыларының көрмесі өтті

Алматыда өткен Халықаралық иттер көрмесіне тұңғыш рет қазақ тазысы қатысты. Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 500-ге тарта түрлі тұқымды иттер мен 30-дан аса қазақ тазысы жиналған көрме туралы Qazaqstan ұлттық арнасының тілшісі хабарлады. 

Жеті қазынаға жататын құмайды әлемдік деңгейде танытуға бағытталған шарада Нидерланд, Словакия, Грекия және Қытайдан келген сарапшылар төрелік етті.

Тазы асыл тұқымды иттердің ресми стандартына сәйкес бағаланды. Шарада құмайдың бойы мен салмағы, басы, кеуде тұсы мен тісі, шапшаңдығы мен ізшілдігі жіті тексерілді.

Халықаралық кинология федерациясының вице-президенті Жерард Йиппинг:

«Қазақ халқының ұлттық болмысына тазы ит жақын деп ойлаймын. Мен түрлі асыл тұқымды иттерді өсірдім. Тазының аңшылық қабілеті ерекше, өзі - талғампаз жануар. Ендігі мақсат - оның санын көбейту, баптау. Тазының тұқымын жоғалтпау керек. Меніңше, оны табиғи жолмен өсірген дұрыс. Сонда аңға салғанда, олжалы қайтады», дейді .

Айта кетейік, биыл 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын ресми түрде әдепкі тану туралы шешім шығарып, Қазақстанға осы тұқым стандартының иесі мәртебесін берген болатын. Бұл жетістікке ҚР Президенті Іс басқармасының қамқорлығымен Қазақстан кинологтары одағының қажырлы еңбегінің және күш-жігерінің, сондай-ақ бірегей тұқымды сақтауға, дамытуға және танымал етуге орасан зор үлес қосқан көптеген кинологтардың, селекционерлердің, итбегілер мен әуесқой азаматтардың арқасында қол жеткізілді. Сөйтіп, осы күннен бастап қазақ тазысы FCI ресми мойындаған басқа ит тұқымдарымен тең дәрежеде әлемнің кез келген елінде чемпион атағы үшін жарысқа қатысу, рингке шығу құқын иеленді.

Фото: Tengrinews.kz