Басты бетJibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды

Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды

Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды

JIBEK JOLY телеарнасы жұртшылыққа жаңажобаларын таныстырды. Алдағы маусымда үш жаңа телесериал, бірегей реалити-шоулар мен мазмұнды сұхбаттар сериясы көременге жол тартпақ.

ҚР ПІБ Президенттік орталығында өткен салтанатты іс-шарада ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сөз сөйледі. Ол Президенттің кез келген мемлекеттік, ресми сапарларын техникалық жағынан қамтамасыз етіп, халыққа жеткізетін — Президент телерадиокешені екенін атап өтті.

«Президенттің баспасөз қызметі тікелей Президент телерадиокешенімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Соңғы екі жылда телерадиокешен кеңейіп, Jibek Joly, Silk Way, Silk Way Cinema телеарналарымен, Kazinform халықаралық ақпарат агенттігімен толықты. Күз басталысымен көрермен қауым еліміздегі телеарналар жаңа маусымға қандай дайындықпен келді деген үлкен сұрақ қоятыны рас. Ал республикалық телеарналар өздерінің шығармашылық бәсекесінде әртүрлі бағдарламаларын көрермен назарына ұсынады. Жақсы бағдарламалар өміршең болады, көрерменнің көзайымына айналады. Бүгін Jibek Joly телеарнасының көптеген қызықты жобалары, реалити-шоулары, телесериалдары, 45 жыл бұрын тамашаны жаңғыртқаны, тарихи-деректі фильмдерге назар аударуы бәрімізді қуантып отыр. 300-ге жуық қызметкердің басын қосқан шығармашылық топтан жаңа маусымда күтеріміз көп», — деді Берік Уәли.

Жаңа маусымның жаңа жобалары қатарында танымал актер Берік Айтжанов жүргізетін «100 сарбаз» жобасы бар.

Реалити-жобада әскери міндетті әр құрылымнан құрылған 10 команда, яғни 100 сарбаз қатысып, ерік, жігер және қайратты паш ететін түрлі сынақтан өтеді. 

16 қыркүйектен бастап, арна эфирінде «111 Juz on bir» телехикаясының премьерасы болады. Бұл детективтік драма жанрындағы 40 сериялы фильм. Сюжет әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі қызметкерлерінің күнделікті өмірін көрсетеді.

Сондай-ақ көрерменге аңызға айналған «Тамаша» әзіл-сықақ театрының танымал нөмірлері мен актерлерінің сахна сыртындағы өмірі туралы сериал ұсынылады. Биыл «Тамаша» телебағдарламасының эфирге шыққанына 45 жыл. Он сериялы телехикая шығармашылық ұжымның құрылу тарихы мен қалыптасу жолын көрсетеді.

Ал театр сахнасында өнер көрсеткен Құдайберген Сұлтанбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Лидия Кәденова, Мейірман Нұрекеев, Тоқсын Құлыбеков, Уайс Сұлтанғазиндер образдарын сериалдан қайта көруге болады.

Арнаның үшінші төл телехикаясы — «Дархан батыр». «Қазақфильмнің» алтын қоры мен отандық режиссерлердің басқа да көркем және деректі фильмдері, отандық телеарналар түсірген телехикаялар шетел көрерменіне арналған «Silk Way Сinema» теларнасында жалғасын табады.

Жаңа маусымда «Уәде», «Таза қала», «Жаңа Түнгі студия. 16 қыз», «Жақсы адамдарым" жобалары жары көреді.
«Жаңа уақыт» және «Новое время» жаңалықтары күн сайын елдегі жаңалықтарға сараптама мен шолу жасайды. «Мәжіліс Лайв» жобасында халық үшін ең маңызды мәселелер талқыланатын Парламент жұмысын тамашалауға болады.

Майя Бекбаеваның авторлығымен шығатын «Наша история» жобасы биыл Әбілхан Қастеев, Санжар Асфендияров, Әлкей Марғұлан, Александр Затаевичтердің өміріне арналады. Ал бұл топтағы шоқтығы биік жоба — қазір түсірілім жұмыстары басталып жатқан «Жошы хан» деректі фильмі.

Ал Silk Way арнасында «Reporter with President», «New time», «Faces of Science», «Travel and comfort», «Taste Kazakhstan» және «Орел и решка. Казахи» жобалары жалғасады.

-«Біздің қағидамыз — әділдік, тірегіміз — жауапкершілік, мақсатымыз — өрлеу. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан сөзі, бұл сөздер біздің телеарнаның негізгі құндылығы. Бүгін сіздерге ұсынатын барлық өнімнің астарында осы ойлар жатыр. Осы маусым біз үшін ерекше. Өйткені ашылғанымызға небәрі 2 жыл болса да, біз ірі жобаларға, үлкен форматтарға дайын екенімізді айтқымыз келеді. Көрерменімізді күн сайын төл контентпен, отандық контентпен қызықтыру керек, әйтпесе олар өзгенің жетегінде кетеді. Сондықтан мемлекеттік сана үшін, сауатты, азаматтық қоғам үшін және отандық нарықта ойып тұрып орын алады деген ойымызбен бүгін біраз жобаларымызды ұсынғымыз келеді», — деді Jibek Joly телеарнасының директоры Еркежан Күнтуған.