Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде талдаудың 500-ден астам түрі жүргізіледі

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде талдаудың 500-ден астам түрі жүргізіледі

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде талдаудың 500-ден астам түрі жүргізіледі ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде талдаудың 500-ден астам түрі жүргізіледі

Ұлттық госпитальде елімізде сирек кездесетін клиникалық диагностикалық зертхана бар. Онда бес жүзден астам сынақ түрі, тіпті ДНҚ-тест те жүргізіледі. ДНҚ-талдау көмегімен вирустық, урогенитальді инфекциялар, сондай-ақ басқа патогендер анықталады. Кейінгі кездері кең тараған ПТР-тест те жүргізіледі. Ол ДНҚ-қоздырушыларын анықтап қана қоймай, олардың көшірме санын дәл тауып, ары қарай емді тиімді етуге мүмкіндік береді. ПТР сынамасы вирустық және саңырауқұлақ инфекцияларын, туыстық байланысты, генетикалық мутацияға бейімділікті анықтауға көмектеседі.

«Полимеразды тізбекті реакция – бүгінде молекулалық биологияның өте дәл әдісі, ол өзінің сезімталдығымен және нәтиже беру жылдамдығымен ерекшеленеді», - деп атап өтті лаборант Люсия Салихова. Әдіс салыстырмалы түрде жаңа, оны 1983 жылы биохимик Кари Муллис ойлап тапқан. Он жылдан кейін ол химия саласы бойынша Нобель сыйлығын алды. Бірақ бұл реакцияның мүмкіндігі көп болғанына қарамастан, COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін ғана танымал болды.

ПТР көмегімен күшейтілген көшірмелердің санын білуге болады. Ол дәрігерге диагноз қоюға, аурудың сатысын анықтауға, дәрі-дәрмектің дозасын таңдауға және емдеу ұзақтығын анықтауға көмектеседі. Дегенмен бір айта кететін тұсы бар. ПТР зерттеуі бір ғана нақты патогенге бағытталған, оның көмегімен бірнеше қоздырушыны бір уақытта анықтау мүмкін емес.