Басты бетМАГАТЭ басшылығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицинаны дамытуға қосқан үле...

МАГАТЭ басшылығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицинаны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады

МАГАТЭ басшылығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицинаны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады МАГАТЭ басшылығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицинаны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады МАГАТЭ басшылығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицинаны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады МАГАТЭ басшылығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицинаны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады

Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының мамандары алғаш рет Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас конференциясына қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ядролық медицина жөніндегі бас штаттан тыс маманы, медицина ғылымдарының докторы, Медициналық орталық ауруханасының ядролық медицина орталығының басшысы Айгүл Садуақасова Қазақстан делегациясымен бірге Ядролық медицина орталығының озық тәжірибесін таныстырып, айтып берді.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшылығы мен шетелдік делегациялар Қазақстандағы ядролық медицинаның әлеуетін, әсіресе, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының осы саланы дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Айта кетейік, жаңартылған Ядролық медицина орталығы 2022 жылы ашылды. Ол заманауи жабдықтармен қамтылған, бұл озық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталық әлемдегі өзге де ядролық медицина мекемелерімен тығыз байланыс орнатқан, сонымен қатар клиникалық және ғылыми мамандарды даярлау жұмыстары жүзеге асырылуда.

2023 жылы Ядролық медицина орталығы ядролық медицинаны дамыту жөніндегі Ұлттық бағдарламаны іске асыру және жаңа радиофармпрепараттарды енгізу үшін Халықаралық атом энергиясы агенттігінің грантын алды.