Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі Спартакиада аяқталды. 27 мемлекеттік органның командалары спорттың жеті түрінен бақ сынасты: мини-футбол, волейбол, шахмат, армрестлинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және үстел теннисі.
Биыл ҚР ПІБ футболшылары Спартакиададағы нәтижелерін жақсартты. Алдыңғы жарыстарда команда үздік төрттікке еніп, жүлдегерлер қатарына аз ғана жетпей қалған болса, осы маусымда финалға шықты. Өкінішке қарай, «алтынға» таласқан ойында қаржы министрлігінен басым түсу мүмкін болмады. Нәтижесінде, ҚР ПІБ командасы тұғырдың екінші сатысына көтерілді, ал қола жүлдегерлер – көлік министрлігінің футболшылары.
Турнирдің үздік шабуылшысы болып ҚР ПІБ командасының капитаны Махамбет Сағитов танылды.
Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметкерлерге арналған Спартакиаданы ҚР Спорт және туризм министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырады.
Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты, мақсаттылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Айталық, тоғызқұмалақ сайысынан ұжым намысын қорғаған Ерлан Әмірғалиев пен Шынар Сәулетова жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орын алды.
Соған қарамастан, бәсекені үлкен жетістікпен қорытындылап отыр.