Бүгін елордада орталық мемлекеттік органдар арасындағы дәстүрлі спартакиада басталды.
Тартысты бәсекеде ҚР Президенті Іс басқармасының командасы табысты өнер көрсетіп жатыр.
Биылғы жарыста Іс басқармасының қызметкерлері шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат сынды 6 түрінен бақ сынайды.
Әзірге командалардың аяқ алысы көңіл қуантады. Бүгін алаңға шыққан футболшылар алғашқы қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті. Басқа ойыншылардың да қарқыны жақсы.
Команда сапында былтыр тоғызқұмалақтан жүлде алған Ерлан Әмірғалиев те бар. Ол осы жолы да жеңіс тұғырына көтеріледі деген үміт басым.
Спорт және туризм министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп мұрындық болған турнир спорттың 7 түрінен өтіп жатқанын айта кетейік.
Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, табандылыққа тәрбиелеу. Төрт күнге созылатын жарыс 22 қыркүйекте мәреге жетуге тиіс.