Басты бетЛудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті

Лудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті

Лудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті Лудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті Лудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті Лудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында лудоманияға қарсы заңнаманың жаңа нормаларын түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті. Алқалы жиынға Іс басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ қарасты ұйымдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Жиынның кіріспесінде сөз алған ҚР ПІБ Әдеп жөніндегі уәкілі Шолпан Жұмағұлова сөз сөйлеп, семинар-кеңестің мән-маңызына тоқталды.

–  Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындардан алшақ болуы өзекті мәселе, сол үшін осы бағытта бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Тиісті заңнамаға лудоманияға қарсы күрес бағытында бірқатар түзетулер, жаңа шектеулер енгізілді. Заң талаптары барынша күшейтілді. Айталық, құмар ойын мекемесіне барғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылады, ал құмар ойынға қатысқандарды қызметтен босату қарастырылған, – деді Ш. Жұмағұлова.

Іс басқармасының Әдеп жөніндегі уәкілі осы жиынға арнайы шақырылған Саяси ғылымдадың докторы, профессор Венера Жексембекованы қатысушыларға таныстырды. Ғалым лудомания проблемасына жан-жақты тоқталды. 

– Онлайн-технологиялар дамыған дәуірде құмар ойындар белең алып, оған бой алдырғандардың қатары артты. Лудомания адамның жеке өміріне, денсаулығына және қызметіне, экономикалық жағдайына орасан зиян келтіреді. Қазақстан Үкіметі оған қарсы іс-шараларды белсенді түрде енгізіп келеді. Сондай шешімдердің бірі – мемқызметкерлердің құмар ойынға қатысуына тыйым салу. Бұл қадам жемқорлық фактілерінің азаюына және қызметкерлердің қаржылық қиындыққа тап болуының алдын алуға үлкен ықпал етті, - деп атап өтті.

В. Жексембекова елімізде лудоманияға қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқаны, шет мемлекеттердің тәжірибесі туралы айтты. Тәуелділікке ұшыраған адамдарға қандай көмек қажет екеніне тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар спикерге тақырып бойынша түрлі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.