Елордада «Медицинадағы сапа мен инновацияның әлемдік стандарттары: Қауіпсіздік басты назарда» атты салааралық конгресс өтіп жатыр.
ҚР ПІБ Медорталығының ауруханасы ұйымдастырған іс-шара ДДСҰ Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күніне орайластырылғанын айта кеткен жөн. Екі күнге созылатын алқалы жиынның мақсаты – тәжірибе алмасу, күрделі клиникалық жағдайларды, пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді зерделеу. Сонымен қатар сарапшылар, дәрігерлер, провизорлар мен мейірбикелер дәрілік, инфекциялық және радиациялық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.
Конгресстің алғашқы күнінде инфекциялардың алдын алу, бақылау және емдеу, сондай-ақ ауруханаларда инфекциялық бақылау қызметін ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Ион сәулесімен жұмыс істейтін мамандардың және пациенттердің радиациялық қауіпсіздік мәселелері де қаралды.