21-22 қыркүйек аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ұйымдастыруымен «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді. Елордадағы Президенттік орталықта өтетін жиынға АҚШ-тың, Азия мен Еуропа елдерінің жетекші мамандары келеді.
Биыл екінші мәрте өтетін форумда жалпы хирургия, урология, проктология, гинекология, кардиохирургия, нейрохирургия, қантамыр хирургиясы, интервенциялық хирургия, аритмология, оториноларингология, офтальмология сынды ересектер хирургиясының барлық бағыттары қарастырылады.
Астана қаласында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық форумда инновациялық, аз инвазиялық және қауіпсіз хирургия мәселелерін талқылау үшін сарапшылық диалог алаңы, оның ішінде күрделі жағдайларды көрсететін шеберлік сағаттары, операция залынан онлайн трансляция курстары, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық секциялар ұйымдастырылады.
Шеберлік сабақтарында Медорталықтың жоғары санатты хирургтерінің күрделі операцтялары тікелей трансляция арқылы көрсетіледі.
Форум барысында ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Ұлттық госпитальде қолданылатын жоғары технологиялар, инновациялар туралы айтылады. Сондай-ақ Қазақстанның, шетелдің алдыңғы қатарлы клиникаларынан шақырылған спикерлер де тәжірибесін бөліседі.