«Оқжетпес» шипажайының медициналық-оңалту жұмыстары жөніндегі вице-президенті Лаура Құсайынова Kaznovosti.kz сайтына берген сұхбатында күзгі кезеңде иммунитетті нығайту және тұмау ауруларының алдын алу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Лаура Құсайынованың айтуынша, «Оқжетпес» шипажайында келушілерге арналған 10 емдік бағдарлама қарастырылған. Олар физиотерапиялық және бальнеологиялық әдістер, жылумен және нафталанмен емдеуді қамтиды.
Сонымен қатар, тұмаудың алдын алу мен емдеуді үй жағдайында да жасауға болады.
Дәрігердің кеңесі бойынша, суық тиюдің алғашқы белгілерін байқаған болсаңыз, кешкісін міндетті түрде аяқты ыстық судың буында бірнеше минут ұстап, жылы киініп, табанға қыша қойып, таңға дейін жылы ұстаса, вирустарды тез шығаруға болады.
Егер сіз витаминдік терапияның жақтаушысы болсаңыз, онда рационға С дәруменіне бай жемістерді, көкөністерді және шайларды қосу туралы кеңестер сізді қызықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, сізге D3 дәруменін қабылдау керек.
Материалдың толық мәтінін сілтеме бойынша оқи аласыз.