Басты бетПрезиденттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды

Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды

Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды Президенттік орталықта көшпелі мәдениет және спорт сабақтары талқыланды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Спорт жастардың әлеуметтік интеграциясының құралы: көшпелі мәдениет сабақтары» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияға қатысушылар жастардың әлеуметтік интеграциясындағы спорт пен көшпелі мәдениет дәстүрлерінің рөлін талқылауға баса назар аударды.

Жастар алдында танымал қазақстандық спортшылар – Олимпиада чемпионы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио-де Жайнейродаы Олимпиаданың қола жүлдегері Ольга Рыпакова, сондай-ақ биыл Парижде жалауы желбіреген ойындардың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сөз сөйледі.

ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы өкілі, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің директоры Әмір Пирич, ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулескумен бірлесіп, еліміздің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ұлттық спортты дамыту мәселелерін сөз етті. Конференцияға қатысушылар көшпелі өркениеттер дәстүрлерімен байланыстың жастарға тигізетін пайдасы, сондай-ақ әлеуметтік бірлікті нығайтуға, инклюзивті қоғам құруға спорттың қалай ықпал ететіні туралы ойларымен бөлісті.

Іс-шара ҚР Президенттік орталығы мен ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы аймақтық кеңсесі, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы, ҚР ҰОК және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен өтті.