ҚР Президенті Іс басқармасы мен БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) арасында еліміздің туризм секторын жаңғыртуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат туризмді тұрақы дамытуды ынталандыруға, инвестиция тартуға және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыратын инновациялық және цифрлық шешімдерді біріктіруге ықпал етуге тиіс.
«Соңғы жылдары біз Қазақстанда туристік инфрақұрылымның белсенді дамығанын байқап отырмыз, бұл осы елдің аймақтағы жетекші туристік бағыттардың бірі болуға ниетті екенін кеөрсетеді. БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы осы өршіл жоспарларды жүзеге асыруда барынша қолдау көрсетуге дайын. Қазақстанға халықаралық туристер тарапынан үлкен қызығушылық бар екенін көріп отырмыз, біздің міндетіміз – осы мүмкіндікті іске асыруға көмектесу, - деді Зураб Пололикашвили.
Құжатқа ҚР Президенті Істері басқармасы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында қол қойылды. Алқалы жиын барысында тараптар саланың өзекті мәселелерін, инвестиция тарту, инновация мен цифр технологияларды енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.
Әсем қарағайлы ормандарымен, мөлдір көлдерімен және тауларымен танымал Бурабай курортының дамуы да басты тақырыптардың болды. Тұмса табиғаты, таза ауасы және түрлі рекреациялық және сауықтыру іс-шараларының арқасында Бурабайға жыл сайын Қазақстаннан да, шетелден де миллионнан астам адам келеді.
UNWTO-мен серіктестік байланыс Қазақстанға үшін әлемдік туризм картасынан өзіндік орнын иелену жолындағы стратегиялық қадам атап өткен жөн. Тұрақты тәжірибелер мен инфрақұрылымды жақсарту арқылы еліміз үшін өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықаралық туристер мен инвесторларды көбірек тартуға мүмкіндік артады.