Басты бетПрезиденттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Қ.Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, ғалымдар, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ елордадағы оқу орындарының ұстаздары мен студенттер қатысты. 

Дөңгелек үстелде сөз алған Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат Мемлекет басшысы стратегиясының негізгі бағыттары -  экономиканы жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп атап өтті. Осы аталған бағыттардан ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою, салық жүйесін жетілдіру, Ұлттық Қорды басқару тиімділігін арттыру және бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, өнеркәсіптік әлеуетті арттыру, экономиканы цифрландыру, коммуналдық секторды және жол құрылысы саласын жаңғырту, жол саласын дамыту жөніндегі алға қойған міндеттері өрбиді. 

«Тұрмыс сапасын арттыру және адами капиталды дамыту мәселелерін шешу үшін ұлт денсаулығын нығайту, әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты бекіту сынды шаралар қабылдануы керек», - деді Б.Темірболат.

Дөңгелек үстел барысында «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрағасы Динара Сәдуақасова, Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратов және Президенттік орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Мариан Әбішева баяндама жасады.  

Жиын қорытындысы бойынша талқылау материалдардың электронды жинағы дайындалып, ол жұмыс барысында пайдалану үшін өккілетті мемлекеттік органдарға беру жіберілмек.